Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин коронавирусқа шалдықты
Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин коронавирусқа шалдықты
© Сурет ғаламтордан
319
оқылды
Ресей премьер-Министрі Михаил Мишустиннен коронавирус табылды. Ресейлік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, премьер бұл туралы президент Владимир Путинге бейнебайланыс режимінде өткен кездесуде мәлім етті. Мишустин өзін-өзі оқшаулау режимін сақтайтынын атап өтті. Ол осы кезеңге Үкімет басшысының міндетін атқарушы қызметіне Президенттің көмекшісі Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды. Сонымен қатар, Мишустин Путинге Үкімет белсенді жұмысты жалғастыратынына және оның өзі де ат салысатынына сендірді. Путин өз кезегінде Мишустинге тез арада сауығып кетуін тіледі және Белоусовты премьер-Министрдің міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындау ұсынысымен келісетінін айтты. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Ресей Федералдық шенеуніктерінің арасында коронавирусты жұқтырудың бір ғана жағдайы ресми түрде расталып отыр. Сенбі күні Мемлекеттік Дума депутаттары Дмитрий Новиков пен Леонид Калашниковтың инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен қатар, екі парламентарийдің айтуынша, коронавирусқа жасалған талдау инфекцияны растамаған. Оларға компьютерлік томография арқылы диагноз қойылды. Калашников оның температурасы жоғары екенін атап өтті. Новиков болса температурасы жоқ екенін айтты. Екеуі де ауруханада. Депутаттар өз жүргізушілерінен жұқтырғанын айтты. "Интерфакс" дереккөзінің мәліметтері бойынша, коронавирус диагнозымен ауруханаға кем дегенде Мемлекеттік Дума депутаттарының төрт жүргізушісі түскен. Наурыз айының соңында және сәуір айының ортасында Мемдумда депутаттар коронавирусқа жаппай тексеру жүргізді, бірақ ауру жағдайлары туралы хабарланбаған.