Қазақстан қоржынында қола медаль
Қазақстан қоржынында қола медаль
5,407
оқылды

Гимнастшы Роза Абитова Израильде өткен турнирде қола медаль жеңіп алды.

Көркем гимнастикадан Израильдің Холон қаласында өткен халықаралық турнир қазақстандық Роза Абитова үздік үштік қатарына енді. Бұл жайында Olympic.kz. хабарлайды.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Роза 70.25 ұпай жинап, қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, ол ұршық, доп және таспамен жаттығуда үшінші орын алды. Холондағы турнир ресейлік Дарья Приданникованың жеңісімен аяқталды. Екінші орында – болгариялық Татьяна Воложанина.