Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, тұрғындар эвакуацияланды
Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, тұрғындар эвакуацияланды
© Сурет ғаламтордан
372
оқылды
1 мамырда нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғуы салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып кеткен. Елді мекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келген, деп хабарлайды ХАА Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі. Су қоймасына жақын маңдағы махаллалардың тұрғындары эвакуацияланып, мектептерге, колледждерге, кәсіпорындарға орналастырылды. Олардың бір бөлігіне басқа махаллалардың тұрғындары пана болды. Ел Президенті Шавкат Мирзиёев апат болған жерге келіп, қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен жүздесті. Ол барлық жапа шеккен адамдарға көмек көрсетілетінін, баспанамен, азық-түлікпен қамтылатынын атап өтті. Сондай-ақ, үкіметтік комиссия құрылып, апаттың зардабын жою шаралары қолға алынды. Қазіргі сәтте бөгеттен су ағуы тоқтады. Арнадан асқан су Ақалтын ауданындағы Абай каналымен Жизақ облысындағы Арнасай көліне ағызылды.