Жануарлар денсаулығын қорғау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (ХЭБ) 87-ші бас сессиясының ресми рәсімінде Қазақстанға аусыл мен африкалық шошқа обасынан таза мәртебесі туралы сертификаттар тапсырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін 2015 жылы Қазақстан 9 облысқа аусылдан вакцинациялаусыз таза аймақ ретінде, ХЭБ мәртебесін алды. 2017 жылы республика вакцинациямен аусылдан таза аймақ ретінде 5 облысқа мәртебе алды. Осылайша, бүкіл Қазақстан аусылдан таза ел деп танылды.Өткен жылы етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының қабылдануына байланысты аусылдан таза аймақты вакцинациялаусыз аусыл бойынша қолайлы 5 аймаққа бөлу жүргізілді.
Осылайша, Қазақстанның қазіргі уақытта елдің барлық аумағында 10 аймаққа арналған аусыл бойынша қолайлы жағдай бойынша ХЭБ мәртебелері бар.
Сонымен қатар, Қазақстан африкалық шошқа обасынан таза ел деп танылды.