Қазақстанның экологиялық таза ет өнімдеріне Азияның алпауыт елдері қызыға бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдымен вице-министр Гүлмира Исаеваның төрағалығымен қазақстандық делегация ХЭБ Бас Ассамблеясы барысында Жапония делегациясының өкілдерімен кездесті. Жапония делегациясын Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінің өкілі, азық-түлік қауіпсіздігі және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Норио Кумагай басқарды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Жапон бизнес өкілдері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қазақстаннан Жапонияға жылқы етін экспорттау жөніндегі жапон ветеринарлық қызметімен келіссөздер жүргізуді сұраған болатын.
Қазақстандық ветеринарлық қызмет қажетті материалдарды дайындап, жапондық әріптестеріне жіберді.
Жапон жағы Қазақстаннан Жапонияға экспорттау үшін жылқы етінің ветеринариялық сертификатының стандартының тиімділігін бағалау үшін сауалнама алуды растады. Ветеринарлық қызмет ветеринариялық сертификаттың жобасын алдын ала мақұлдады.
Дегенмен, жапондық заңға сәйкес, Қазақстан туралы ақпарат Жапонияның Еңбек және денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қарастырылады. Мемлекеттік органнан оң қорытынды алғаннан кейін, жапондық тарап ветеринарлық сертификатпен келісуге дайын.
Сингапур тарапынан кездесуге Сингапурдың мал шаруашылығы және ветеринарлық қызметтерінің Бас директоры Яп Хим Хо және Сингапурдың азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Агенттігі директорының орынбасары қатысты.
Сингапур өкілдері Сингапур мен ЕАЭО еркін сауда туралы келісім жасасқанын атап өтті. Сингапурлық тарап сондай-ақ Қазақстаннан ет экспорттауға деген мүдделілігін жариялады және қазақстандық ветеринариялық қызметіне (жүйелік аудит және кәсіпорындарды тексеру) қойылатын тиісті талаптарды жібереді.
Естеріңізге сала кетейік сингапурлық компаниялардың Қазақстан Республикасынан ет әкелуге қызығушылығы туралы бірнеше сұраным хат алынды.
ХЭБ-ның Бас Ассамблеясының жұмысы барысында қазақстандық делегация Малайзия мен Гонконгтің ветеринариялық қызметтерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Малайзия ветеринарлық қызметінің Бас директоры Quaza Nizamuddin Bin Hassan Nizam қазақстандық делегация мүшелерімен Малайзияға әкелінетін етке ветеринариялық-санитарлық және басқа да талаптарды үйлестіру мәселесі талқыланды, оған сәйкес Қазақстанда ет өндіру жүйесі ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай болуы тиіс.
Тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін малазиялық тарап Қазақстаннан Малайзияға экспортталатын ет және ет өнімдеріне ветеринариялық талаптар жөніндегі хаттаманы келісуге дайын.
Сонымен қатар, қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындар мал сою және етті қайта өңдеу бойынша Халал стандарттардың талаптарына сай болуы тиіс.
Өз кезегінде Малайзия Қазақстанның аса қауіпті ауруларға қарсы күрес жөніндегі жетістіктерін, әсіресе Қазақстанның ХЭБ-ның аусыл бойынша таза мәртебесіне ие екенін жоғары бағалады.
Сондай-ақ, елдің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы SIT Hon-chung директорының басшылығымен Гонконг делегациясымен келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Гонконгтың бірнеше компаниясы ҚР-дан Гонконгқа ет жеткізуді бастауға мүдделі. Осыған байланысты келіссөздердің басты тақырыбы Гонконгқа әкелінетін ет пен ет өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық талаптарды талқылау болды.
Гонконг әріптестерін Қазақстан сиыр еті мен қой етін Қытайға экспорттауды бастағаны туралы және ҚХР Бас кеден басқармасының тізіліміне енгізілген сиыр еті мен қой етін өндіретін сегіз қазақстандық кәсіпорын туралы ақпарат қызықтырды.