Ана капиталын енгізсе...
Ана капиталын енгізсе...
316
оқылды

«Ақ жол» партиясынан үміткер Дания Еспаеваның Павлодардағы штабы кандидат пен кәсіпкерлердің кездесуін ұйымдастырды. Аймақтық штаб қатысуымен өткен үгіт шаралары аясында Дания Еспаева «Технопром текс» ЖШС, «Мерусар и К» біржолғы медициналық өнімдер зауыты мен «Қазэнергокабель» АҚ-на барды.

«Қазэнергокабель» АҚ – Қазақ­стан­дағы кабель-өткізгіш өнімдерін жасау бойынша алдыңғы қатарда. Мұнда кабель мен өткізгіштің 15 мыңнан аса түрін дайындайды. Шығарылатын өнім көлемі былтырғы жылы 18 млрд теңгені құрады. Кә­сіпорын басшыларының сөзінше, өнімнің сапасы мен кең ауқымдылы­ғына қарамастан, шетел кәсіпорын­дарымен бәсекелесу қиын боп тұр. Ресей, Белорусь, Өзбекстан елдерінің өнімдері өзіндік құны жағынан арзан болғандықтан, отандық нарықты жаулап жатыр.

«Кездесуде сайлаушылар әрдайым белсенділік танытып, халықты маза­лаған сұрақтарын қояды, – деді үміткер. – Павлодар жұртшылығы да «7-20-25» бағдарламасының азамат­тардың көбіне қолжетімсіздігі мазалай­тынын айтты. Бағдарлама жаман емес, бірақ бастапқы 20% жарнасын көп қазақстандық жинай алмайды. Сол үшін мемлекетімізде ана капиталын енгізу керек, ол жас отбасыларға мем­лекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға мүмкіндік береді».

Осындай үгіт кездесулер «Мерусар и К» зауытында да өтті.

Облыстық кітапханада Дания Еспаева республикалық штаб же­тек­шісі Азат Перуашевпен бірге жұртты сайлауалды бағдарламамен таныс­тырды. Үміткер жиналғандардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Партиялықтар өтініштерді назарда ұстайтынын ескертті.

 

Айдана БЕГІМ