Жылыжай көбею керек
Жылыжай көбею керек
418
оқылды

«Ауыл» партиясы атынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков Маңғыстау жұртшылығына сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үміткер жергілікті тұрғындармен кездесуде аймаққа тән мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынды.

Ол Маңғыстау өңіріне күнделікті тұты­на­тын азық-түліктің басым бөлігі басқа ай­мақ­тардан әкелінетінін сөз етіп, бұл мәселені шешу үшін ауыл-аймақта жы­лыжайды көбейту керегін алға тартты. Бұған қоса, шұбат өндірісін жолға қойып, табыс көлемін еселеп арттыруға бола­тынын айтты. Өйткені, осы тектес баста­ма­ларға қазір мемлекеттен жақсы қолдау бар.

Жиында сонымен қатар жұмыссыздық, ауыл шаруашылығын жандандыру, баспанамен қамту, инфрақұрылымды дамыту және жастар саясаты секілді проблемалар кеңінен талқы­ланды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ма­мандар ең төменгі жалақы алады. Салдарынан қазір бәрі ірі қалаларға ағылып жатыр. Егер осыны шұғыл қолға алмасақ, ондаған, бәлкім, жүздеген елдімекен қаңырап бос қалуы мүмкін. Сондықтан ауылдарда қосымша жұмыс орындарын ашып, қарапайым жұ­мысшылардың жағдайын көтеру керек. Әйтпесе, бұның арты елдімекендер тіршілігіне, одан кейін, жалпы ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін. Үміт­кердің сенімді өкілдері Ақтөбе тұрғындарымен кездесуде осы мәселені жан-жақты талқылады. Негізі ауыл шаруа­шылығында 1 жұмыс орны ашылса, соған қатысы бар қалада қосымша 7-8 жұмыс орны пайда болады. Сондықтан Төлеутай Рақымбеков бағдарламасындағы ауыл мен қала арасын жақындату мәселесі өте орынды деді жиналғандар.


Айдана БЕГІМ