Ана капиталын енгізсе...
Ана капиталын енгізсе...
364
оқылды

«Қазэнергокабель» АҚ – Қазақ­стан­дағы кабель-өткізгіш өнімдерін жасау бойынша алдыңғы қатарда. Мұнда кабель мен өткізгіштің 15 мыңнан аса түрін дайындайды. Шығарылатын өнім көлемі былтырғы жылы 18 млрд теңгені құрады. Кә­сіпорын басшыларының сөзінше, өнімнің сапасы мен кең ауқымдылы­ғына қарамастан, шетел кәсіпорын­дарымен бәсекелесу қиын боп тұр. Ресей, Белорусь, Өзбекстан елдерінің өнімдері өзіндік құны жағынан арзан болғандықтан, отандық нарықты жаулап жатыр.

«Кездесуде сайлаушылар әрдайым белсенділік танытып, халықты маза­лаған сұрақтарын қояды, – деді үміткер. – Павлодар жұртшылығы да «7-20-25» бағдарламасының азамат­тардың көбіне қолжетімсіздігі мазалай­тынын айтты. Бағдарлама жаман емес, бірақ бастапқы 20% жарнасын көп қазақстандық жинай алмайды. Сол үшін мемлекетімізде ана капиталын енгізу керек, ол жас отбасыларға мем­лекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға мүмкіндік береді».

Осындай үгіт кездесулер «Мерусар и К» зауытында да өтті.

Облыстық кітапханада Дания Еспаева республикалық штаб же­тек­шісі Азат Перуашевпен бірге жұртты сайлауалды бағдарламамен таныс­тырды. Үміткер жиналғандардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Партиялықтар өтініштерді назарда ұстайтынын ескертті.

 

Айдана БЕГІМ