Ел сенімін ақтаған ер
Ел сенімін ақтаған ер
334
оқылды

Сондай азаматтың бірі әрі бі­регейі еліміздің Су шаруашылығы саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қай­раткері, нағыз кәсіби маман, аб­зал азамат Нариман Қыпшақ­баев десек, артық айтқанымыз емес.

Арқа жерінде, қасиетті Торғай ал­қабында табиғаттың өзі жа­са­ған, суы бал татитын, мал-жанға жай­лы «Сарықопа» атты мемле­кет­тік қорық бар екен. Қазір Қос­танай облысының Жангелді ау­данына қарайды. Сол Сарықопаға құятын Теке өзенінің төменгі ағы­­сында Тармақ деген жерде Қып­­шақбай суатында 1934 жылы 27 мамырда Нариман Қыпшақ­бай­ұлы дүниеге келіпті.

Су жағасында өскен, судың қа­дір-қасиетін бір кісідей түсі­не­тін Нариман аға алғашқы еңбек жо­лын учаскелік инженер-гид­ро­тех­ник­тен бастап, су саласындағы бар­лық лауазымнан өтті деуге бо­лады.

Жұмысқа деген жауапкершілігі мен адалдығы, еңбекқорлығы мен іс­керлігінің арқасында Нариман Қып­шақбаев 1981 жылы Қазақ ССР Жоғары кеңесі пре­зи­диу­мы­ның жарлығымен Қазақ ССР-дің Ме­лиорация және су шаруа­шы­лығы министрі болып тағайын­дал­ды. Сол жылы 23 қыркүйекте Арал қаласында сорғылау және бұр­ғылау құрал-жабдықтарын жөн­деуге арналған зауыт құры­лы­сын салу мәселесін көтереді.

Нариман аға осылайша, одақ­тық, республикалық деңгейде өт­кен жиындарда Сырдария өзені мен Арал теңізінің проб­ле­ма­ла­ры­на басты назар аудартып отыр­ды.

1985-1990 жылдар аралығында Қа­зақ КСР Жоғарғы кеңесінің де­путаты болып жүргенде «Арал теңі­зі жағалауында тұратын ха­лықтардың жағдайын және эко­логиясын жақсарту» туралы мә­селе көтеріп, оның оң шешім табу жолдарын ұсынды.

1990 жылы Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жа­р­лы­ғы­мен Су ресурстары мемлекеттік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалып, 5 жыл осы салаға жетекшілік етеді. Осы кезеңде тұңғыш рет Орталық Азия және Қазақстанда су ресурстарын бас­сейндік жүйемен басқару прин­ципі енгізіліп, республикада Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ер­тіс, Есіл, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас және Орал-Каспий бассейндік басқармалары, об­лыстарда Су ресурстары коми­теттері құрылды.

Қазақстанның тәуелсіздігі жыл­дарында Орталық Азия, Ресей Федерациясы мен Қытай мем­лекеттері арасында трансше­каралық өзендердегі су ресурста­рын пайдалану жөнінде халықара­лық ұйымның, соның ішінде Қа­зақстан, Қырғызстан, Тәжік­стан, Түркіменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің президент­терімен құрылған Халықаралық Аралды құтқару қорының құ­рылуына және Елбасының тіке­лей тапсырмасымен жүзеге асып, ғасыр жобасы атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС-1) жобасының бірінші фазасының жүзеге асуына Нариман Қыпшақбайұлы­ның да ерекше үлес қосқанын Арал өңі­рінің тұрғындары жақсы бі­леді.

Қарапайым еңбектен бастап, түр­лі лауазымдық қызмет атқар­ған 60 жылға жуық уақыттың барлығында Нариман Қыпшақ­байұлы еліміздің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. Зейнетке шық­қаннан кейін де қарап отырмастан жиған-терген бай тәжірибесін ізі­нен ерген жастарға үйретіп ке­леді. Соның ішінде, Арал-Сыр­дария бассейнінің өзекті мәселе­ле­рін шешу жұмыстарына да ат­­с­а­­лысуда. Атап айтсақ, Сырдария өзені бассейнінде су және жер ресурстарын кешенді пайдалану­ды ұйымдастырудың сызбасын әзірлеу жұмысына араласып, Арал теңізі бассейнінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жұмыстарына белсенді ықпалын тигізуде.

Біз қашаннан елдің жүгін қара нардай көтеріп, келешектің қамы үшін аянбай еңбек еткен ерлері­міз­бен мақтанамыз. Келешекке сенім­мен қадам жасау үшін жас ұр­паққа тәлім аларлық өнегелі іс­терді, парасатты өмір иелерін үл­гі етеміз.

Осы ретте Сыр жұртшылығы Нариман Қыпшақбайұлын қай жерде, қай жұмыста болмасын өзі­нің өнегелі ізін өзіндік қолтаң­ба­сын қалдырған, туған еліне еселі де елеулі еңбек сіңірген аза­мат деп бағалайды және құрмет тұта­ды.

 

А.АБДУАЛИЕВ,
Қызылорда облысының табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды
реттеу басқармасының басшысы