Даулы мәселені шешудегі заңнаманның тиімділігі

Даулы мәселені шешудегі заңнаманның тиімділігі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотымен жаңа азаматтық-процессуалдық кодексінің жобасы дайындалған. Аталған кодекске енгізілген нормалар «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы көрсеткіштерін көтеруге септігін тигізеді.

Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толтырылған. Әсіресе, дау­ларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі, сот отырысы кезіндегі татуласу рәсімдері туралы қағидалар тиімді қолданылған.

Жаңа процессуалдық заң тараптарға дауларды сотқа дейін реттеуге, осы дауды қыс­қа мерзім ішінде, аз ма­териал­дық және моральдық шығындармен шешуге мүм­кін­дік береді. Дауларды сотқа дейін және сот отырысы ке­зінде реттеудің процессуалдық жолдары ретінде заңда тату­ластыру рәсімдері, медиатор­лардың қатысуымен және сот жүргізетін медиацияны қол­дану, тараптар және адвокат­тардың қатысуымен партиси­пативтік рәсімдерді қолдану қағидалары қарастырылған.

Процессуалдық заңда азаматтық дауларды жеңіл­детілген іс жүргізу тәртібімен қараудың қағидалары толқ­тырылып, бұйрық шығару және жазбаша іс жүргізу ар­қылы кейбір санаттағы істерді шешудің жолдары өз шешімін тапқан.

Сондай-ақ Әділет ми­нистірлігімен «Төрелік ту­ралы» Заңының жобасы дайын­­далды. Заң жобасын әзір­леу төрелік пен аралық сот қызметін құқықтық рет­теу­дегі бірыңғай тәсілді қам­та­масыз ету мақсатында ар­найы екі заңды шоғыр­лан­ды­руға бағытталған. Осындай шо­ғырландыру дауларды соттан тыс шешу жүйесін ны­ғайту процесіне оң әсерін тигізеді.

Заң жобасының негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті да­мытуға қолайлы жағдай ту­ғызу, инвестиция тартуды ын­таландыру және де мем­лекеттік қызмет көрсету са­па­сын арттыру болып табылады.

Заң кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгі­лен­ген тәртіппен әрекетке қабі­летсіз немесе әрекетке қабі­леті шектеулі деп танылған адамдардың мүдделерін қоз­ғайтын, мүліктік қатынастарға байланысты емес жеке мү­ліктік емес қатынастарда туын­­дайтын, банкроттық және оңалту туралы, табиғи монополиялар субъекті­ле­рімен олардың тұтынушылары арасындағы дауларды қос­пағанда, барлық мүліктік дауды қарастырады.

 

Г.НЕСІПБЕКҚЫЗЫ,
Алматы қаласы Әділет департаментінің бас маманы