Тоқаев шамамен 6 триллион теңгенің қайда жұмсалғанын айтты
Тоқаев шамамен 6 триллион теңгенің қайда жұмсалғанын айтты
267
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күреске қанша ақша бөлінгенін айтты, – деп жазады zakon.kz. Қазақстанда коронавируспен күрес үшін қандай шаралар қабылдап жатқандығы туралы Президент ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға берген эксклюзивті сұхбатында айтты. Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы шараларға мемлекет 5 жарым, тіпті шамамен 6 трлн теңге жұмсаған.
«Жалпы, біз қабылдаған шараларға мемлекет бес жарым, тіпті шамамен 6 триллион теңге шығындады. Бұл 13 миллиард доллар немесе жалпы ішкі өнімнің 8 пайыздан астам көлемі. Яғни, тағы қайталап айтамын, бұл бұрын-соңды болмаған, шұғыл әрекет етуді қажет еткен шаралар. Бұл шараларды мақсатты түрде қолға алдық, әрине, ертең сын-ескертпелер болуы мүмкін, мәселен ақшаны желге шашты дегендей. Бірақ мен, ең алдымен, бұл жағдайда біздің азаматтарымыздың өмірі мен әл-ауқаты үшін аянбай күресуіміз керек деп санаймын, – деді Тоқаев.
Дереккөздің жазуынша, сұхбат барысында Тоқаев халықтың денсаулығы, күнкөрісі бірінші орында екенін айтты.