Мемлекет басшысы – мұнайлы өлкеде
Мемлекет басшысы – мұнайлы өлкеде
419
оқылды

Қазақстан Президентіне мұнай-газ саласының ахуалы мен оны дамыту перспективалары жөнінде баяндалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысына мұнай өңдеудің және тұрақтандырудың, сұйылтылған газды мұнайдан ажыратып алу және тазалаудың, табиғи күкіртті өндірудің және оны сақтау мен тасымалдаудың технологиялық үдерістері таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс орнының Атырау қаласынан алыс емесін атап өтіп, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлуге шақырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының еңбек құқығын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан Президенті кәсіпорын ұжымын тәулігіне 370 мың баррель мұнай өңдеп, рекорд жаңартуымен құттықтады және мұнайшыларға табыс, бақ-береке тіледі.