Отбасы орталығы ашылды
Отбасы орталығы ашылды
356
оқылды

Облыс орталығындағы Достық үйі ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық соттың ұйымдастыруымен «Отбасы орталығы» ашылды. Шараға облыстық сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков пен облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева қатысып, аталған іс-шара отбасылық сот пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді. Сондай-ақ облыстық әділет департаментінің өкілі Ләззат Әбішева, аналар кеңесінің өкілдері, ақсақалдар, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ҚХА медиаторлары, «Бастау» отбасын ресурстық қолдау жөніндегі жұмыс тобының өкілдері, адвокаттар, заңгерлер, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Медиация кабинетінде осындай орталықты құрудың басты мақсаты араздасқан отбасыларды татуластыру және отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ отбасылық жан­жал­дарды реттеу бойынша қызмет кешенін көрсету орталы­ғына айна­ладыру екен. Салтанатты жиын­да Жамбыл облысы ҚХА хатшылы­ғы­ның меңгерушісі Маржан Төреғұл­қызы 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тараз қаласында болғанда отбасы, неке, жастар мәселелеріне ерекше алаң­дай­тынын және аталған мәселелер бойынша жұмыс жаса­луын тапсыр­ғандығын атап өтті. Сондай-ақ осы тапсырмаларға сай, бүгінде Аналар кеңесі және медиация кабинеті көптеген жұмыс атқарып жатқанын жеткізді. Ал Жамбыл облыстық сотының сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков облыстық Қазақстан халқы ассам­блея­сына осындай орталықты құруға мүмкіндік беріп, бірге жұдырық жұмылдыра жұмыс істегені үшін алғысын білдірді. Сот алқасының төрағасы: «Бұдан ары орталықта отбасы-неке даулары бойынша дау­лар­ды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын дамыту шара­лары­ның жүргізілетінін атап өтті. Алда мұндай іс-шараларға бітімгер-судьялар, медиаторлар, психологтар мен әлеуметтанушылар қатысады және олардың міндеті – жанжал жасаушы ерлі-зайыптыларды тату­лас­тыру және ажырасу санын мейлінше азайту» дейді. Сонымен қатар Жамбыл облысы Әділет депар­та­ментінің өкілі Ләззат Әбішева «Отбасылық сот» атты жаңа жобамен таныстырып, АХАТ орган­дарына өтініш білдірген жас жұптарға тегін курс-тренингтерді ұйымдастыру, ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың жеке, мүліктік құқықтары мен міндеттеріне, алименттік міндет­темелерге, бала құқықтарына байла­нысты құқықтық кеңес беру мәсе­ле­лері туралы айтып өтті. Медиация каби­неті осындай орта­лықты құру арқылы енді отбасыларды татулас­ты­ру және отбасылық құнды­лық­тарды сақтау, жанжалдарды реттеу бойынша қызмет кешенін көрсету орталығына айналатын болды.

 

Жамбыл облысы