Киікті қорғаймын деп ажал құшқан Ерлан Нұрғалиевтің суреті көпқабатты үйдің қасбетіне салынды
Киікті қорғаймын деп ажал құшқан Ерлан Нұрғалиевтің суреті көпқабатты үйдің қасбетіне салынды
Фото: Интернеттен алынды
853
оқылды
Қарағанды қаласында тұрғын үйдің қасбетіне киікті қорғаймын деп браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевтің суретін салды.   Былтыр 13 қаңтар күні Қарағанды облысы Нұра ауданында киік атқан браконьерлердің ізіне түскен «Охотзоопром» республикалық мекемесінің екі инспекторы қаскүнемдерді тоқтату кезінде соққыға жығылған. Ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтар күні таңертең көз жұмды.   [caption id="attachment_41818" align="alignnone" width="960"]Ерлан Нұрғалиев, киік, қылмыс, броконьер, Фото: Сәкен Ділдахмет[/caption] «Охотзоопромның» екі инспекторы браконьерлерді ұстау барысында ауыр жараланған. Оқиға Қарағанды ​​облысы Нұра ауданында сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жабайы аңдар мен ақбөкендерді қорғау кезінде болған. Инспектор Ерлан Нұрғалиев Қорғалжың даласында айуандық танытқан 3 браконьермен арпалыстан кейін өмірі үшін соңына дейін күресті. Өмірінің соңына дейін Қазақ даласының символына айналған киіктерді қорғау жолындағы борышын адал атқарды. Ерлан Нұрғалиев сынды инспекторлардың күш-жігерінің арқасында 2015 жылы жаппай қырылған киік саны 215 мың басқа дейін көбейді. Ерлан Нұрғалиев Ақмола облысында дүниеге келген. Мамандығы – дене шынықтыру және әскери дайындық оқытушысы. 2012 жылдың наурызынан бастап «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қарағанды тірек пунктінде Орталық аймақтық филиалдың инспекторы қызметін атқарған.