Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйесін дамыту» атты әлеуметтік жоба аясында «Студенттер үйі 2:0» акциясының таныстырылымы өтті.
Бұл акция негізі 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Ал мемлекеттің қолдауымен акция биыл жаңа республикалық ауқымға ие болып отыр. Жоба студенттердің өмір сапасын толыққанды жетілдіруге бағытталған. «Қазіргі таңда еліміздің 124 жоғары оқу орнында 542 458 студент бар. Ол студенттерге арналған 251 жатақханада 82 мың студент тұрып жатыр. Одан бөлек, 769 колледжде 229 мың студент білім алып жатыр. Оның 46 мыңнан астамы 439 жатақханада тұрады. Сондықтан студенттер жатақханасы мәселесі әлі күнге дейін маңызды», – дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов.
Оның айтуынша, алдағы қыркүйек айында жатақханалардың рейтингі жасалады. Сол рейтинг бойынша жайлы және нашар жатақханалар сарапталады. Мұндағы мақсаты – жатақханада тұратын студенттердің қоғамдағы белсенділігін арттыру. Сондай-ақ азаматтық рөлі мен жауапкершілігін дамыту, қоғам игілігіне студенттердің тұлғалық және интеллектуал танымын дамытып, потенциалын жүзеге асыруға жағдай жасау.
Айша ЕРСҰЛТАН