Әр студент – тұлға

Әр студент – тұлға

Бұл акция негізі 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Ал мемлекеттің қолдауымен акция биыл жаңа респуб­ли­калық ауқымға ие болып отыр. Жоба студенттердің өмір сапасын толыққанды жетілдіруге бағытталған. «Қазіргі таңда еліміздің 124 жоғары оқу орнында 542 458 студент бар. Ол студенттерге арналған 251 жатақханада 82 мың студент тұрып жатыр. Одан бөлек, 769 колледжде 229 мың студент білім алып жатыр. Оның 46 мыңнан астамы 439 жатақханада тұрады. Сондықтан студенттер жатақханасы мәселесі әлі күнге дейін маңызды», – дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орын­басары Шахмардан Байманов.

Оның айтуынша, алдағы қыркүйек айында жатақханалардың рейтингі жасалады. Сол рейтинг бойынша жай­лы және нашар жатақханалар сарап­та­лады. Мұндағы мақсаты – жатақ­ха­нада тұратын студенттердің қоғам­дағы белсенділігін арттыру. Сондай-ақ азаматтық рөлі мен жауап­кер­шілігін дамыту, қоғам игілігіне студенттердің тұлғалық және интел­лек­туал танымын дамытып, потен­циа­лын жүзеге асыруға жағдай жасау.  


Айша ЕРСҰЛТАН