Әлішер Усманов мақтааралдықтарға 5 млн 202 мың доллар аударды
Әлішер Усманов мақтааралдықтарға 5 млн 202 мың доллар аударды
333
оқылды
Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының халқы үшін 5 млн 202 мың АҚШ долларын аударды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының халқы үшін – эвакуацияланған 30420 тұрғын үшін «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 5 млн 202 мың АҚШ долларын аударды. Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шотына түседі», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта. Ұлттық банк бекіткен теңге бағамымен есептесек, кәсіпкер аударған ақша 2 млрд 125 млн теңгеден астам қаржыны құрайды.

Тұмар МЫРЗА