Пандемиядан соң әлемді аштық пен кедейлік күтіп тұр
Пандемиядан соң әлемді аштық пен кедейлік күтіп тұр
Фото: Интернеттен алынды
551
оқылды
БҰҰ пандемиямен күресу үшін кедей елдерге көмектеспейтін болсақ, онда бүкіл әлемде қақтығыстар, аштық пен кедейлік жайлатынын ескертті. БҰҰ жаңалықтары сайтының хабарлауынша, халықаралық ұйымдарды пандемиямен күресу үшін кедей елдерге 6,7 млрд доллар бөлуге шақырды. Кедей елдерде пандемияның шарықтау шегі бірнеше айдан кейін болады. Алайда бүгінде миллиондаған адамдар жұмысынан айырылып, өмір сүруге қажет қаражатсыз қалды. Халықаралық ұйым гуманитарлық көмек көрсетудің жаңартылған жоспарын таныстырды. Ол кезде көмекке қажетті сумма екі млрд доллар доллар болса, бүгінде ол қаражат жағдайдың күрделенуіне байланысты 6,7 млрд долларға өскен.
«COVID-19 пандемиясы – барлығымыз үшін сынақ. Алайда әлемдегі кедей елдер өте қиын жағдайларда қалып отыр. Қазірдің өзінде олардың мигрантттардан келетін және туризмнен түсетін қаражаттары қысқарды», – деді БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Марк Локок виртуальды конференцияда.
Сондай-ақ, ол сөзінде пандемияның осы салдарын жоюмен күреспесе, оның зардабын кедей елдер ғана емес бүкіл әлем тартады деп дабыл қағып отыр.