Көше атауы берілсе...

Көше атауы берілсе...

Кеңес өкіметі тарқаған жыл­дардағы қиын-қыстау шақтан елді алып шық­қандығы, мемлекет ше­карасының шегенделуі және әсем қала елорданың кірпішін қалап, әлем таныған Астанаға айналдыруы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының салынуы т.т. Аталған тарихи жұмыстар мен ерен еңбегінің құрметін өз көзімен неге көрмеске?

Осыған орай, еліміздің ірі қалала­рында орталық көшелер мен даңғыл­дарға, алаңдарға Тұңғыш Президенттің есімі берілді. Тәуелсіздік жылдарында Қызылорда облысының өркендеуі де, Арал мәселесі де Елбасы Н.Назарбаев­тың ерекше назарында болып, орасан зор жұмыстар атқарыл­ды. Елбасының сөзімен айтсақ «Сыр – Алаштың ана­сы». Облыстың өркендеуіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Осы қызметі қандай құрметке де лайық.

Егемен елдің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіз елі­мізге жасаған өлшеусіз еңбегін ұрпақ есінде, тарихта мәңгі қалдыру мақса­тында Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің төріндегі Тәуелсіздік даң­ғылын Нұр-Сұлтан даң­ғылы деп қайта атау жөнінде кент арда­гер­лері атынан ұсыныс білдіреміз. Се­бебі, Нұр-Сұлтан мен Тәуелсіздік – егіз, ажырамас ұғым.

Кенттегі Нұр-Сұлтан даңғылы өсіп келе жатқан жастардың көкірегінде патриоттық рух, Отанға деген сүйіс­пеншілік туғызары сөзсіз. Рухани жаңғыру дегеніміз осы болса керек. Орталықтағы тәуелсіздік жылдары салынған алаңды «Тәуелсіздік алаңы» деп атауға ұсыныс енгізген жөн деп са­наймын. Ұсынысымызды көпшілік қолдайтынына сенемін.

Ұсынысымыз, 2018 жылдың 9 тамы­зындағы Облыстық ономастика комис­сиясы отырсының қорытындысы (№3, 14 комиссия мүшесі қол қойған) бойынша жасалып отыр. №3 хаттама­ның 5-тармағында облыстық ономас­тика комиссиясы Жаңақорған ауданы әкімдігіне Жаңақорған кентіндегі атауы жоқ көшеге (санаторияға барар жол деп көрсетілген) Астана атауын беру ұсынылады деп көрсеткен. Сон­дықтан облыстық ономастика комис­сиясы қорытындысын, халықтың пі­кірін ескере отырып ұсыныс қабылда­нады деген пікірдемін.


Мырзажан ЖАКИПОВ,
Ардагер ұстаз,
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы