Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды
Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды
© Сурет дереккөзден
355
оқылды
Бүгін, 8 мамыр күні қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында оқ атылды. Бұл жайында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімінен мәлім етті, –деп хабарлайды Кабар агенттігі. Тосын оқиға Чек Баткен облысында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аудандары тұрғындары арасында 50 сотық Чек учаскесін пайдалану мәселесіне қатысты туындаған. Аталған учаске екі мемлекеттің де қарамағына кіретіндігі нақты белгіленбеген. Бірақ, осы уақытқа дейін оны қырғыз тарапы пайдаланып келген. Оқыс оқиға барысында Қырғыз тарапынан 30-40 адам және Тәжікстан тарапынан 30-40 адам бір-біріне тас ата бастап, соңында аңшы мылтығынан оқ атылған. Жанжалдың ушығып кетуіне жол бермеу үшін Қырғызстанның және Тәжікстанның шекара кезекшілігі әуеге бірнеше мәрте ескерту оғын атуға мәжбүр болды. Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі мәліметінше, оқыс жайт бірқатар уақытқа тынышталған. Екі республиканың шекаралас аумақтарының тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
«Алайда, Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мелекеттік комитеті Шекара әскерінің шекарашылары қырғыз шекарашыларына және Қырғызстан азаматтарына қарата минометпен тосыннан оқ жаудырды», - делінген таратылған ақпаратта.
Қазіргі уақытта қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал өте күрделі.