Үкімет мүшелері елдің қалыпты тіршілікке қашан оралатынын айтты
Үкімет мүшелері елдің қалыпты тіршілікке қашан оралатынын айтты
Фото: Интернеттен алынды
293
оқылды
Әлем бойынша ең көп турист қабылдайтын ел – Франция оқшауланудан шығуға дайындалып жатыр. Елдің қалыпты тұрмысқа қалай оралатынын Үкімет мүшелері айтып берді. Олар, әсіресе шекаралардың ашылуына ерекше көңіл бөлген. 8 апта бойы карантинде болған Франция 11 мамырда оқшауланудан шыға бастайды. Дегенмен індет өршіген Париж өңірі мен Майотт аралында бірқатар шектеулер күшінде қалады. Әсіресе, Париж метросы алаңдаушылық туғызып отыр. Қарбалас сәтте оған тек рұқсат қағазбен кіруге болады. Яғни, бұл кезде онымен тек жұмысқа баратын адамдар қатынай алады. Осы ережені 20 мың полицей қадағалайды. Мектептер келесі аптаның ортасында ашыла бастайды, бірақ оқушылар білім ордаларына бір ай ішінде біртіндеп оралады. Ата-аналарының қалауы бойынша балалар оқуын үйінде жалғастыра алады. 11 мамырда шаштараздар, кітап пен гүл сататын дүкендер мен бутиктер жұмысын бастайды. Ал мейрамханалар мен кафелер әзірше ашылмайды. Туристерді де қабылдамайтын болды. – Бізге әлі де осы сақтану шаралары қажет. Еуроодақ аумағында қатынауға келетін болсақ, санитарлық ахуал тұрақталғанда ғана ережелер жеңілдетіледі. Бұл жөнінде шешімді өзге елдермен бірлесіп қабылдаймыз. Жаңа жарлық шыққанша дейін шекаралар жабық болады. Бұл шектеулер кем дегенде 15 маусымға дейін сақталады, – дейді Францияның Ішкі істер министрі  Кристоф Кастанер. Карантиннен шығу ережелері Сенатта, ал кейін Ұлттық ассамблеяда талқыланды. Бәрінің пікірі ортақ, ел тез арада қалыпты экономикалық тіршілігін қалпына келтіруі тиіс. Бірақ қандай шаралар індеттің қайта өршуіне жол бермейтіні туралы келісе алмай отыр. – Алдағы дүйсенбі әлеуметтік өмірімізді қалпына келтіру кезеңнің алғашқы күні болмақ. Бұл әрқайсымыздан тәртіп пен жауапкершілікті қажет етеді. 11 мамырдан бастап індеттің таралуын бақылауды үйренуге тиіспіз. Сақтықта қорлық жоқ, – дейді Францияның премьер-министрі Эдуард Филипп. «Хабар 24» жазуынша, елде күн сайын 3 мыңдай адам коронавирус жұқтырып, 200-дей адам бұл дерттен қайтыс болып жатыр.