Коронавирус дертін емдеуге арналған аурухана өртке оранды – мәскеулік тұрғын қаза тапты
Коронавирус дертін емдеуге арналған аурухана өртке оранды – мәскеулік тұрғын қаза тапты
Фото: Интернеттен алынды
272
оқылды
Мәскеудің солтүстігінде коронавирус жұқтырған пациенттер емделіп жатқан С.Спасокуко́цкий атындағы қалалық клиникалық аурухана өртенді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тілсіз жаудан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен. Қазір адамдарды ауруханадан көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Lenta.ru-дың жазуынша, өрт Вучетич көшесі, 21 үйде орналасқан қалалық алты қабатты аурухананың бірінші қабатынан шыққан. Қазір оқиға орнында өрттен құтқару бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. Белгілі болғандай, аурухананың  №6 корпусы коронавирус жұқтырған адамдарға арнап қайта жасалған. Осыдан кейін ауруханадағы орын саны 40 пайызға, 225-тен 328-ге дейін артқан. Коронавирус стационарында 87 дәрігер және 135 медбике жұмыс істеген.