Президент Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты мәлімдеме жасайды
Президент Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты мәлімдеме жасайды
5,262
оқылды
Ертең, яғни 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. «Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр» – деп жазды хабарламасында. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2808676019255812&id=100003403233694   Айта кетейік Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 мамыр күні Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде «жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады» деген болатын.