Мемлекеттік рәміздердің маңызы зор
Мемлекеттік рәміздердің маңызы зор
391
оқылды

Басқосуда Қазақстанның мем­лекеттік символикасының та­рихы баяндалды. Жиынға қа­тысушылар «Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттік рә­міз­дері туралы» конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылдан­ғанын еске түсірді. Осы заңға сәй­кес жыл сайын 4 маусым Қа­зақ­станда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде тойланатынын атап өтті.

– 1992 жылы маусымның 4-і кү­ні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бе­кітілді. Бұл күн ел тарихында мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемле­кет­тік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге та­нытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жар­қын көрінісі. Халқымыздың мұ­қал­мас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілерді құр­меттеуіміз керек, – деді жиында сөз алған Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.

Ол сондай-ақ мемлекеттік рә­міздер тәуелсіздік нышаны ре­тінде ерекше қадірленіп, оларға әрқашан биік мәртебе берілетінін тілге тиек етіп, мемлекеттік рә­міз­дерді қас­тер­леуге шақырды.

Кездесуде сөз сөйлеген жастар мем­лекеттік рәміздердің хал­қы­мыз үшін маңызын баса айтты.

– Мемлекеттік рәміздер – ел да­муының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақ­стан­дық­тар­дың осы рәміздерге деген құр­ме­ті, оларды бойтұмардай қас­тер­леуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміз­дер арқылы елімізді бү­кіл әлем та­ниды. Өйткені онда қазақ хал­қының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі кө­рініс бе­реді. Жастардың отан­сүй­гіштік се­зімін оятады, пат­рио­тизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелей-ді, – деді «Жас Отан» Жас­тар қа­на­­тының белсенді өкілі Сал­танат Рүстембек.

 

Жазира ДАРХАНҚЫЗЫ