Әлішер Усмановтың көмегі: Мақтааралдықтарға 1000 доллардан үлестіріп жатыр
Әлішер Усмановтың көмегі: Мақтааралдықтарға 1000 доллардан үлестіріп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
304
оқылды
Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан облысы Мақтаарал ауданының халқымен кездесті. Топан судан зардап шеккен тұрғындармен жүздесу кезінде мақтааралдықтарға кәсіпкер Әлішер Усмановтың қоры бөлген қаржыдан әр отбасыға 1000 доллардан үлестірді. Otyrar.kz-тің жазуынша, мұндай көмек 5202 отбасының жеке есепшотына аударылады. Құжат мәселесі реттелген соң, тұрғындардың жеке есепшотына қаржы түседі.   [caption id="attachment_42566" align="alignnone" width="696"]Болат Өтемұратов, Әлішер Усманов, ақша, Мақтаарал, Мырзакент Фото: Интернеттен алынды[/caption] Айта кетейік, Мақтааралдағы апаттан зардап шеккен халыққа ресейлік кәсіпкер Әлішер Усманов 5 млн 202 мың доллар қаржылай көмек қолын созған болатын. Ал қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов Мырзакентте жаңадан 150 баспана салу үшін 6 миллион доллар аударды.