Табысы азайып, қарызға батқан халықтың несие проблемасын шешеміз – Тоқаев
Табысы азайып, қарызға батқан халықтың несие проблемасын шешеміз – Тоқаев
Фото: Интернеттен алынды
276
оқылды
Банкте проблемалық қарызы бар азаматтардың мәселесі шешіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда келесі жылдан бастап микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау жүйесі енгізілетінін мәлім етті, – деп жазады akorda.kz. Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында: «Халықтың табысы азайып бара жатқан уақытта тұтынушылық несие нарығының жағдайына мониторинг жүргізудің маңызы зор. Азаматтардың қарыз бойынша жүктемесінің көбейіп кетуіне жол бермеу керек. Қаржы нарығын реттеу бойынша агенттік проблемалық қарызы бар қарыз алушылардың оңалту мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Сонымен қатар қарыз алушы мен өнімнің типіне қарай сыйақы ставкасын есептеу амалдарын қайта қарастырған абзал», – деді. Мемлекет басшысы азаматтардың мүддесін қорғау үшін банктік емес, несиелік ұйымдарды бақылау жұмысы күшейетінін мәлім етті. Ал келесі жылдан бастап микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау жүйесі енгізілмек.