Қазақстанда жұмыссыздар саны көбеюі мүмкін – Нұрымбетов
Қазақстанда жұмыссыздар саны көбеюі мүмкін – Нұрымбетов
Фото: Интернеттен алынды
298
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда жұмыссыздар саны көбеюі мүмкін екенін айтты. Astana TV-ның хабарлауынша, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төтенше жағдай режимін енгізгенге дейін 4,8 пайыз болса, енді 5,9 пайыз құрауы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай болжам жасады. Бұған коронавирусқа байланысты түрлі саладағы кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуы себеп болып отыр. Жағдайдың жақсаруы карантин режимінің жеңілдетіліп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін қалпына келтіруге байланысты болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов: «Жұмыспен қамтуды қалпына келтіру процесі қиын болады. Біз министрлік деңгейінде болжам жасадық. Карантинді әлсіретудің негізгі көлемі маусым-шілде айларында болса, жұмыспен қамтуды толық қалпына келтіру ағымдағы жылдың 4 тоқсанында күтіледі», – деді. Министрдің айтуынша, бүгіннен бастап Қазақстанда 42 500 теңге алу үшін өтініш қабылдау тоқтатылды. Жалпы осы уақытқа дейін табысынан айралған 4,5 млн адамға қаржылай көмек көрсетілген.