Месси: Менің ұлым «Реалға» жанкүйер
Месси: Менің ұлым «Реалға» жанкүйер
407
оқылды

Әйгілі футболшы келіншегі Антонелла Рокуццомен үш бала тәрбиелеп отыр

Футболдан Аргентина құрамасы мен каталониялық «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси ұлдары Тиаго мен Матеоның футболға деген қызығушылығы туралы айтып берді.

«Тиаго матчтарды қалдырмай көреді. Матео да футбол қарайды. Ол барлық футболкаларды киіп алады. Біз үйде доп ойнаған кезде ол: «Мен сендерді жеңіп кеткен «Ливерпульге» жанкүйер боламын» деп айтты. «Валенсиядан» жеңілген кезде де «Мен «Валенсияға» жанкүйермін» деген» дейді футболшы.

«Теледидардан футбол қарап отырған кезімізде «Реал» гол соқса ол алақайлап қуанады. Матео – Мадридтің фанаты» дейді Месси.

Әйгілі футболшы келіншегі Антонелла Рокуццомен үш бала тәрбиелеп отыр. Үлкені Тиаго (6 жаста), ортаншысы Матео (3 жаста) және кенжесі Чиро (1 жаста).

Футболшы сондай-ақ алдағы Америка кубогына байланысты да пікір білдірген.

«Турнирге әдеттегідей үлкен толқыныспен барамыз. Бірақ шынына келгенде біздің құрама буын ауысу процесін бастан өткеріп жатыр. Бұрын Аргентина турнир жеңімпазы болуға үміткерлер қатарынан саналатын. Қазіргі мүмкіндігіміз төмендеу. Дегенмен біз жеңіске жеткіміз келеді. Кейде кейбір футболшыларға емес, менің әкеме қатысты өсек-аяң көп өрбиді. Тіпті құрамаға кіретін ойыншыларды әкем екеуміз таңдайды деген қауесет те тараған. Алайда бұл жалған» дейді ойыншы.