Тынығу маусымы басталды

Тынығу маусымы басталды

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев «Шағала» бала­лар­ды сауықтыру демалыс орталы­ғында өткен лагерьдің жазғы маусымының ашылу салтанатына қатысып, өнерлі жеткіншектердің концерттік бағдарламасын тамаша­лады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың жақсы тыны­ғып, уақытын тиімді пайдалануына тілектестік білдірді.

Қазіргі таңда лагерьдің бірінші ауысымында 125 оқушы демалуда. Балалар мұнда бес мезгіл тамақта­нады. Олардың уақытты көңілді әрі пайдалы өткізуі үшін 13 тәрбиеші барын салып жүр. Демалушылардың денсаулығына арнайы дәрігер мен стоматолог жауап береді.

Жалпы, жазғы жеті ауысымда 875 бала тынығады. Оның ішінде тұрмысы төмен отбасылардың 480 баласы демалу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген.


Миуа БАЙНАЗАРОВА