Елімізде жеңіл көлікті тіркеу көрсеткіші азайған
Елімізде жеңіл көлікті тіркеу көрсеткіші азайған
Фото: Интернеттен алынды
299
оқылды
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, биыл қаңтар-наурыз аралығында елімізде 216 784 жеңіл автомобиль тіркелді. «2020 жылғы қаңтар-наурызда елімізде 216 784 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,8 пайызға кеміді. Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны – 3 929,5 мың. Осы жылғы қаңтар-наурызда 3 959 адам зардап шеккен 2 740 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 3,9 пайызға кеміді» делінген комитеттің ресми хабарламасында. Комитеттің мәліметінше, 2020 жылдың 3 айында тіркелген көліктердің 22 867-сінің шығарылғанына 3 жыл толмаса, 38696-сі 3-7 жыл бұрын құрастырылған көліктер екен. Ал шығарылғанына 7 жылдан асқан, бірақ 10 жыл болмаған көліктердің саны – 30263, 10 жылдан асқан көліктер саны – 124 762. Елімізде жүйткіп жүрген көліктердің 84,1 пайызы бензинмен, 13,2 пайызы аралас, 2,5 пайызы дизель отынымен, 0,2 пайызы газбен жүреді.