Анар дейтін бір қыз бар Алматыда
Анар дейтін бір қыз бар Алматыда
©Сурет Анардың архивінен
719
оқылды
Алматылық Анар Лепесова – 34 жаста.  Ол 4 жасынан бастап склеродермия ауруымен күресіп келеді. Бұл дегеніміз – жүрек және ішкі ағзалардың зақымдануы. «Бүгінде өмірде өз орнымды таптым, сүйікті ісім бар» деген Анар қолөнермен айналысады. Оның өз шеберханасы бар. Сонымен күнелтіп отыр. [caption id="attachment_43316" align="alignnone" width="1024"]кукла ©Сурет Анардың архивінен[/caption] – Сіздің тіршілік көзіңіз – қуыршақ тоқып, оны сату. Соңғы екі айда елдегі карантинге байланысы ісіңіз тоқтап қалмады ма? Қиналып қалған жоқсыз ба? Шынымен, карантин кезінде «Әй, осы ісім тоқтайды-ау. Осындай қысыл-таяң кезеңде кімде ақша бар дейсің, халықтың да жағдайы мәз емес» деп ойлағаным рас. Құдайға шүкір, қолөнерді тоқтатқан жоқпын.  Тапсырыстар келіп түсуде. Тіпті, Қытайдың шекарасы жабылысымен тапсырыс көбейе түсті. Мысалы, қазір Шыңбұлаққа сербернар иттерін жасап жатырмыз. [caption id="attachment_43317" align="alignnone" width="819"]қуыршақ ©Сурет Анардың архивінен[/caption] – Бүгінге дейін неше ойыншық тоқып тастадыңыз, санап көрдіңіз бе? Олардың көлемі қандай? Ойыншықтың біреуін қанша уақытта тоқып шығасыз? Алғашында қызығына кіріп, түнімен отырғанда, бір күнде 2-3 ойыншықты тоқитынмын. Қазір оған денсаулығым жарамайды. Егер көлемі үлкен болмаса, бір ойыншықты бітіруіме 1-2 күндей кетеді. Тоқыған ойыншықтардың көлемі 20 см-ден басталып, 2 метрге дейінгілер де болды. [caption id="attachment_43319" align="alignnone" width="819"]қуыргшақ ©Сурет Анардың архивінен[/caption] Бүгінге дейін қанша тоқығанымды білмеймін, оны санамадым. Тапсырыспен болған соң кейде көңілің қалағанын емес, клиенттің қалауын орындаймын. Бұл – менің күнкөрісім.  Қолөнер саласында жүрген ағылшын, түрік секілді өзге елдің қыздарымен араласамын. Олардың жағдайы менен жақсы. Мен секілді тапсырысқа байланып тұрған жоқ. Міне, солар өздерінің қалаған дүниесін жасап, оны қаптап, жинап қояды. Арасында 10-15 жыл бұрынғы ойыншықтары да бар. Менің де солай істегім-ақ келеді, бірақ қолым байлаулы. Қазір бүкіл тапқан-таянғанымды еміме жұмсаймын. Меніңше, денсаулықтан артық ештеңе жоқ. Одан ештеңе аяғым келмейді. [caption id="attachment_43320" align="alignnone" width="1024"]қуыршақ ©Сурет Анардың архивінен[/caption] – Сырқатыңыздың диагнозы 4 жасыңызда анықталған екен. Ол кезде баласыз, оны түсіне қоятын да шақ емес. Дегенмен өзіңізді қатарластарыңыздан бөлек екеніңізді қай кезде сезіндіңіз? Диагноз жастайымнан қойылғанымен, бұл сырқатпен туғанымнан ауырамын. Жүріп-тұруым, қозғалысым жоқ емес, бар. Тек күз бен көктем кездерінде аяқ-қолым буындары қақсап, қозғалтпай тастайды. Өзімді бала кезімнен аурумын деп санамаппын. Көрініп тұрса да, біреу бірдеңе айтса да сенбейтінмін. Себебі өзімнің ішкі жан дүнием  оны өтірік деп санайтын. Алайда жеткіншек шақта құрбылармен қыдырып, біреулермен танысқанда өзіме басқаша қарайтыны, бөлетіні қатты сезілді. Бірақ оған мойымауға тырыстым. Оның үстіне табиғатымнан депрессияға тез түсетін адам емеспін. Бәріне жеңіл қарап, жүрекке жақын қабылдамауға тырысамын. Адамның көңілін көтеретін кішкене нәрседен-ақ жылылық ала білу керек. [caption id="attachment_43321" align="alignnone" width="1024"]қуыршақ ©Сурет Анардың архивінен[/caption] – Ата-анаңыз қандай адамдар? Өзіңіз неше ағайындысыз? Ағайынның арасында бұл сырқаттың белгісі сізде ғана ма? Бұған не себеп болды? Анам Биғайша – зейнеткер. Ал әкем Сайлау – желтоқсаншы. Қазір «Желтоқсан» газетінде жұмыс істейді. Біз төрт ағайындымыз, өзім үйдің үшіншісімін. Менен басқасының бәрі – тұрмыста. Құдай сақтасын, жақындарым бұл дерттен ада. Дәрігерлердің айтуынша, сырқаттануыма суықтап қалғаным себеп секілді. «Болары болып, бояуы сіңген» соң, қазбалап сұрамадым. Одан ештеңе өзгермейді. Қазір уақытында емделіп, жарты жылда екі рет қаралып тұрамын. [caption id="attachment_43322" align="alignnone" width="819"]қуыршақ ©Сурет Анардың архивінен[/caption] – Бұл істі бастағанда ата-анаңыз қалай қарады? Қандай мамандық иесі болуды қаладыңыз?  –  Ата-анам сүйікті ісімнің барына қуанады. Менің әр жасаған ойыншығыма балаша қуанады. Жасаған дүниемді  ешкімге ұстатпайтын әдетім бар. Сондықтан оған ешкім қол тигізбейді. Негізі 9 сыныптан соң дизайнерлік колледжге тапсырдым. Бірінші кезеңінен өтіп, екіншісіне келгенде ойланып отырып, аялдамадан өтіп кеткенім бар. Ағаш планшетті көтеріп, ол жерге жеткенімде байқау бітіп кетті. Сөйтіп, түспей қалдым. Артынан типографияда біраз істеп, денсаулығыма байланысты жұмыстан кетіп қалдым. Содан үйде отырып, ойыншық тоқып көрмекші болдым. Нәтижесінде, өмірде өз орнымды таптым. Айналысатын сүйікті ісім бар. [caption id="attachment_43325" align="alignnone" width="819"]қуыршақ ©Сурет Анардың архивінен[/caption] –Ойыншық тоқуға не түрткі болды? Қуыршақпен айналысып жүргеніме биыл – бес жылдан асты.  Қазір шеберханам бар, дәл үйімнің тұсында. «Даму» қорының «Ісіңді дамытуға арналған мүмкіндік» бойынша грантын жеңіп алғанмын. Оның өзіне үш жылдай болып қалды. Қазір шеберханамда үш адам жұмыс істейді. Тек тапсырыс емес, келісімшартпен де жұмыс істеп жатырмыз. Оған қоса қолөнер бойынша онлайн сабақ өткіземін. [caption id="attachment_43326" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет Анардың архивінен[/caption] Қолөнерге деген қызығушылығым бала кезден бар еді. Бірде интернеттен тоқылған ойыншық көзіме  түсіп, жасап көрмекші болдым. Өзімнің тоқымамен айналысатыным бар. Бірақ ойыншықты тоқып көрмеппін. Алғашқы тоқыған ойыншығым жираф болды. Сол кезде құрбымның туған күні еді, соған сыйладым.  Онда әлі сақтаулы тұр. Сол үйге барған сайын көзіме оттай басылады. Әрине, бірінші жасалған дүние болған соң қателігі көп.  Бірақ сол ойыншық өзіме қатты ыстық. [caption id="attachment_43327" align="alignnone" width="933"] width= ©Сурет Анардың архивінен[/caption] – Қазір өз ісіңізді ашып отырсыз. Қызыққан бөлек те, кәсіп ашу бір бөлек. Бастапқыда ойыншықты сатып, табыс табамын деген ой мүлде болған жоқ. Тіпті, олай істеуге болатынын мүлдем білмедім. Ойыншықты көбіне достарымның туған күніне сыйлайтынмын. Сондай күннің бірінде таныстардың біреуі жұмысымды көріп «Бұл деген жақсы дүние ғой, мұны сату керек» деді.  Оны сатқым келсе де, «қайда өткіземін» дедім де қойдым. [caption id="attachment_43331" align="alignnone" width="877"] width= ©Сурет Анардың архивінен[/caption] Содан досым бір танысының азық-түлік дүкеніне қойып беретін болды. Бір-екі ойыншығым макарондардың арасында шаң басып біраз тұрды. Ол кезде интернет қазіргідей жақсы дамымаған. Бір күні өз-өзіме жарнама жасау керегін түсіндім. Интернет арқылы біраз әнші, ел ішінде белгілі деген адамдарға  «Қолдан қуыршақ тоқимын, маған жарнама жасап бере аласыз ба?» деп хат жаздым.  Соның ішінде «Ринго» тобының мүшесі Данияр Өтеген мен Айқын Төлепберген сөзімді жерге тастамады. Данияр «ойыншықты жай ғана жарнамалап  қоймаймын, оны сатып аламын» деп,  1500 теңгеге үш ойыншық алғаны бар. Ақырында бұл ойыншыққа өзгелер де қызыға бастады. [caption id="attachment_43332" align="alignnone" width="879"] width= ©Сурет Анардың архивінен[/caption] –Instagram парақшада Виук Вуйчич, Майк Тайсонмен кездескен суретіңіз бар. Олармен қалай кездестіңіз, қандай адамдар екен? Негізі олармен кездесуге билетті әкімшлік берген. Бірақ Майк Тайсонмен бетпе-бет жүздестіру ойда болмады. Егер алдын ала ойластырылса кішкене үлкенірек, қазақтың белгісімен ойыншық тоқып апарар едім. Майк залдың басқа жағында елден оқшаулау жерде отырды. Жарық өше салысымен сол жаққа жүгіріп отырып, қанша күзеттің арасынан өтіп, әрең кездестім. Қолымда бар ойыншықты бере салдым. Өзі өте қарапайым екен. Осындай тұлғалармен кездестіруді неге сонша қиындатады? Онда тұрған не бар,  соны түсінбеймін. [caption id="attachment_43333" align="alignnone" width="1024"]қуыршақ ©Сурет Анардың архивінен[/caption] – Бірде еміңізге деп қайырымды жандардың жинаған ақшасын Аружан Сайынның «Милосердие» ерікті қорына аударып жібердіңіз. Неге? Ол кезде маған Үндістанда емделу үшін қомақты қаражат керек болды. Бірақ аталған қаржы сомасы толық жиналмағандықтан мен бар ақшаны Аружан Сайынның «Милосердие» ерікті қорына аудардым. Сол кезде кім қарсы болса, соның ақшасын қайтарып беруге де дайын болдым. Ешкім қарсылық білдірмеді. Бұл дегеніміз – еліміз мейірімді жандарға толы екенін көрсетеді емес пе? Ол маңдайымызға біткен бақ. Алла бәріміздің амандығымызды берсін!