Салық рақымшылығы кімге жасалады?
Салық рақымшылығы кімге жасалады?
337
оқылды

Бүгінде республика бойын­ша 37 644 салық төлеуші салық төлемін өтеген.

«Салықтық рақымшылық биылғы жылдың соңына дейін жалғасады. Осы орайда шағын және орта бизнес субъектілерін жиналған қарыздан құтылып, мемлекеттік кірістер орган­дары­­мен салынған шектеулерді жоюға шақырамыз.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, 2018 жыл­дың 1 қазанындағы жағдай бойынша белгілі бір қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін іске асырған салық төлеушілер рақымшылыққа ілінбейді. Мысалы, жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандық­тан ғана жер қойнауын пайда­ланушылар болып саналатын­дарды қоспағандағы жер қойнауын пайдалану­шылар, акцизделетін өнім өндірушілер, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адво­каттың, кәсіпқой медиатордың қызметін, кәсіпкерлік қызметті іске асыруына байланысты туындаған салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қол­данылмайды. Қазір салық­тық рақымшылық бойын­ша жаңа жоба дайындалып жатыр» – дейді Мемлекеттік кіріс­тер комитеті төрағасының орын­басары Жайдар Іңкәрбаев.

Өткен жылдың 1 қазанын­дағы жағдай бойынша, елімізде 90 077 шағын және орта бизнес субъектілерінің өтелмеген салықтық берешегі болған. Олардың бересі сомасы – 210,4 млрд теңге, өсімпұлдар – 122,9 млрд теңге, ал айыппұлдар 7,4 млрд теңге болды.

Салықтық рақымшылыққа қатысу үшін ешқайда барудың қажеті жоғына назар аударған жөн.

Ақмола, Алматы, Атырау, Жам­был және Қостанай об­лыс­­­тарының салық төлеу­ші­лері рақымшылықтың ең бел­сен­ді қатысушылары болып отыр.

Жеке тұлғалар үшін алдағы болатын салықтық рақым­шы­лық туралы қосымша атап өту керек. Еліміздегі салық заңна­ма­сына түзетулер әзірленген. Осы түзетулер 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша жеке тұлғамен негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығару қарастырылған.