Ұжымдық шартқа ұқыптылық керек
Ұжымдық шартқа ұқыптылық керек
373
оқылды

Кәсіподақтар атынан сайлауға түсіп жатқан кандидат Амангелді Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшесі Г.Момбекова облыстық Ана мен баланы оңалту орталығының еңбек ұжымымен кездесті.

Ұжым мүшелеріне кандидат А.Таспи­ховтың сайлауалды тұғыр­намасын таныстырып, еңбек қоғамы мен еңбек адамы үшін өзектілігіне тоқталды.

Ұжымдық шарт қана жұмысшыны қорғай алады. Алайда жұмыс беру­шілердің көбі ұжымдық шарт жасап, өзіне міндеттеме алудан қашқақтайды. Бұл туралы А.Таспиховтың бағдарлама­сында айтылған. Білім қызметкерлерінің Кәсіподақтар үйінде өткен жиынында үміткердің сенімді өкілдері сайлау­шыларды А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сауал­дарға жауап берді.

– Қазақстан президентіне үміткер Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасының өзегі – осы ұжымдық шарт. Ұжымдық келісім-шартта жұмыс­шыларға әлеуметтік қолдау көрсету, еңбекақы жүйесін ынталандыру, еңбек жағдайын жақсарту бойынша қосымша іс-шараларды қарастыруға болады. Қазір елімізде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 41 пайызында ғана ұжымдық шарт жасалған. Біздің кандидат өз бағдарламасында меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорын мен ұйымдарда міндетті түрде заң аясында ұжымдық шарт жасалуына қол жеткіземіз деген ниетте, – деді Ерұлан Мағзымбеков.

Кандидаттың сенімді өкілдері БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті. Кандидаттың сенімді өкілі М.Даупаев еңбек адамының мүддесі мен құқығын қорғау кәсіподақтың басты міндеті болса, кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы да осы мақсатқа не­гіз­делгенін жеткізді.


Айдана БЕГІМ