Азаматтарды қабылдады
Азаматтарды қабылдады
334
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын­дары банк несиесі, баспананы же­кешелендіру, жер мәселелері бойынша сұрақтар жолдады. Әрбір өтініш үміткердің және «Ақ жол» партиясы депутаттарының бақылауына алынды.

Ал 4 маусым күні Дания Еспаева­ның сенімді өкілдері – А.Перуашев, Б.Өтепбаев, А.Қошмамбетов және облыстық партия ұйымының белсен­ділері Жамбыл облысында бірқатар кездесу өткізді. Алғашқы кездесу Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы Мәдениет үйінде өтті. Сенімді өкілдерге әлеумет­тік, зейнетақы, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы және халықты жұмыспен қамту салалары бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Кездесуге келгендер Д.Еспаеваның өмірі мен қыз­метіне қызығушылық танытты. Бұдан кейін республикалық штаб өкіл­дері «Қостөбе» ауылында шағын бизнес өкілдері мен шаруа қожалықтары өкіл­дерімен кездесуде болды. «Қостөбе» ауылдық округінің әкімшілік ғимара­тының конференц залында өткен кез­десуде сенімді өкілдерге мемлекет та­ра­пынан ауыл шаруашылығымен айна­лы­сатын кәсіпкерлерге берілетін субсидия мен несие мәселелері бойын­ша сұрақтар қойылды. Келесі үгіт-насихат Тараз қаласындағы «Қошмам­бетов и К» ЖШС-нің конференц залында өтті. Оған Тараз қаласының ірі, орта және шағын кәсіпкерлері келді. Азат Тұрлыбекұлы Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясы депутаттарының атқарған жұмысына шолу жасап, үміткер Дания Мәдиқы­зының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.


Айдана БЕГІМ