Сайлау күні Көкшетауда жолақысы екі есеге арзандады
Сайлау күні Көкшетауда жолақысы екі есеге арзандады
372
оқылды

Бүгін Көкшетауда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы екі есеге арзандады


Көкшетауда әдетте автобуста жүру жолақысы 80 теңге болса, бүгін сайлау күні қалаішілік жолаушылар тасымалымен айналысатын барлық автобус парктері 40 теңгеге арзандатып отыр.

«Жеңілдік жергілікті тұрғындардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында жасалды», - дейді автопарк басшылығы. Сайлау күні елордалық және шымкенттік автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды.