Қазақстан сайлаушыларының 77,4 пайызы дауыс берді
Қазақстан сайлаушыларының 77,4 пайызы дауыс берді
5,351
оқылды

Қазақстан сайлаушыларының 77,4 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасының мүшесі Ләззат Сүлейменге сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлады.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта еліміздің  барлық аймақтарындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталып, сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санауға кірісті. Сайлау біткеннен кейін 12 сағаттың ішінде дауыстарды санап бітуі тиіс.

– Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары алдын ала ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 22:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 77,4 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 83,4,  Ақтөбе облысы бойынша 84,9, Алматы облысы  бойынша 89, Атырау облысы бойынша  71,2, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 84,9, Жамбыл облысы бойынша 81,3, Батыс Қазақстан облысы бойынша 66,3, Қарағанды облысы бойынша 77,3, Қызылорда облысы бойынша 81,6, Қостанай облысы бойынша 84,1, Маңғыстау облысы бойынша 68,9, Павлодар облысы бойынша 81,2, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 79,8, Түркістан облысы бойынша 84,8, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 68,9, Алматы қаласы бойынша 52,2, Шымкент қаласы бойынша 67,6 пайыз дауыс берді, – деді Ләззат Сүлеймен.