Facebook-те Тоқаевтың атынан жалған парақша ашқан – Берік Уәли
Facebook-те Тоқаевтың атынан жалған парақша ашқан – Берік Уәли
440
оқылды
Facebook желісінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған парақшасы пайда болды, – деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. Ол азамат Талғат Қатауовтың Президенттің парақшасы туралы сауалына жауап берген. Мұндай жалған парақшаға, ақпаратқа сенудің қажеті жоқ екенін айтты.  «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Өзіңіз айтып отырғандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта Мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын», – деді Берік Уәли.   [caption id="attachment_43817" align="alignnone" width="740"]Берік Уәли, Facebook, жалған парақша, Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: Берік Уәлидің парақшасынан[/caption]