Елордадағы қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгерді 
Елордадағы қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгерді 
Фото: Интернеттен алынды
261
оқылды
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы автобустар  сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жүреді. Бұған дейін сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынаған еді. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Астаналық автопарктер жұмысқа кіріскен 12 мамырда  жолаушылар ағыны - 146 907 адамды,  13 мамыр күні   205 295 адамды құрады.  Ал карантинге дейін күніне автобус қызметіне тәулігіне 762 мыңды құрайтын. Қазір негізінен қалалық бағдарлар шықты, екінші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығады. Дезинфекциялық жұмыстар бұрынғыдай жүргізіледі. Автобус жүргізушілері барлық қауіпсіздік шарасын сақтайды: бетперде, қолғап киіп, антисептик қолданады. Жүргізушілер билет сатуды уақытша тоқтатты. Жол жүру үшін көлік карталарын және жолақысын төлеудің балама тәсілдерін қолдануға болады. Олар SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. Карантин енгізілгенге дейін қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 98 пайыз болған екен. «Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру тарифтері пайдаланушылардың көлік карталарына қайта жүктелді. Айлық жол жүру 12 мамырдан 11 маусымға дейін жарамды. Еске сала кетейік, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер іске қосылды. Елорда қоғамдық көлігінде 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда тегін жүре алады», – делінген хабарламада.