Қарағандылықтар белсенді
Қарағандылықтар белсенді
364
оқылды

Қарағанды облысында 787 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Қазақстан Президентін сайлау барысын өңірде 40-тан астам халықаралық бақылаушы қадағалады. ОСК мәліметі бойын­ша, таңғы сағат 10-ның өзінде облыста сайлаушылар­дың келуі 10,1%-ды құрады.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов президент сай­лауы­на қатысты. Өңір басшысы Қара­­ғанды қаласы Ғ.Мұстафин атын­­дағы №83 ЖББОМ орналас­қан №53 сайлау учаскесінде дауыс бер­ді. Облыс әкімі сайлауға зайы­бы­­­мен және қызымен бірге келді.

Бұл сайлау учаскесі таңертең­нен бастап белсенділігімен және мерекелік көңіл күймен ерекше­лен­ді. Аумақтық сайлау комис­сия­сының ақпараты бойынша, тір­кел­ген 2 855 сайлаушының 20%-ы таң­ғы сағат 10-ға дейін дауыс бер­­ген. Сайлаушылардың ішінде жас­тар қатары қалың болған. Олар үшін бұл – алғашқы сайлау. Көпте­ген адам дауыс беруге отбасымен, кіш­кентай балаларымен келіп жатты.

– Біз үшін сайлау – отбасылық мереке. Қызым Нұр-Сұлтанда тұра­ды, бірақ бізбен бірге дауыс беру үшін елордадан есептен шы­ғару талонын алды. Тұрақты және гүлденген Қазақстан үшін және ең бастысы – балалардың болашағы үшін таңдау жасадым. Менің 7 айлық кішкентай немерем бар. Ол бақытты елде өмір сүруі үшін, болашағы үшін де дауыс бердім деп ойлаймын, – деді Ерлан Қошанов.

Өңір басшысы жерлестерін атақты боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жеңуімен де құттықтады.

– Көптеген қазақстандықтар сияқ­ты айқасты тікелей эфирде көр­дім. Twitter-де құттықтау жа­зып, Геннадийдің анасы Елизавета Сергеевнаны құттықтадым, – деп қосты Ерлан Қошанов.

Қарағанды қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, 96 жастағы Бүр­кіт Есжанов та президент сай­лауына қатысты. Сайлау учаскесіне ол жұбайымен бірге келді.

Бүркіт Есжанов Көгілдір тоған­дар шағынауданындағы №77 орта білім беру мектебінің сайлау учас­ке­сінде дауыс берді. Ардагер учаске барлық қажетті құралдармен жабдық­талғанын және оған дауыс беру жайлы болғанын атап өтті.

– Бүгін біздің республика үшін үлкен мереке – сайлау күні. Біз жұбайымызбен осында келіп, дауыс бердік. Біз таңдаған адам жұмысқа қабілетті, халықтың, ең­бек­шілердің өтініштеріне мұ­қият болатынына сенімдімін, – деді Бүркіт Есжанов.

Қарағанды облысының барлық сайлау учаскелері мүмкіндігі шек­теу­лі адамдардың қажеттілік­тері­не сәйкес жабдықталды, олар үшін дауыс беруге арналған жеке кабин­калар орнатылды және жәшіктерге ыңғайлы қол жеткізуі үшін жағдай жасалды. Кейбір учаскелерде бу­фет­тер жұмыс істеді.

Халықаралық және тәуелсіз ұйымдардың атынан сайлау бары­сын бақылауға ниет білдірген бақы­лаушылар үшін сайлау учас­ке­лерінде қолайлы жағдай жасал­ған.

Сондай-ақ, қарағандылық бокс­шы Геннадий Головкин мен ка­на­далық Стивом Роллстың жекпе-жегі сайлау учаскелерінде көр­сетілді. Былғары қолғап шебер­лері кездесуінің көрсетілімі дауыс беру өткізілген бірнеше жалпы білім беретін мектептерде ұйым­дас­тырылды.

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі үлкен экранда бірінші болып Майқұдық шағынауданындағы боксшы оқыған №65 мектепте көрсетілді. Спорт залында екі үл­кен экран орнатылды, ал қабыр­ға­лар спортшыға ізгі тілектер жазыл­­ған плакаттармен безен­ді­ріл­ді.

– Бұл біздің мектебіміздің оқу­шылары мен олардың ата-аналары үшін жасалған шара. Біз сайлауға келгендер күресті тамашалауға да ниет білдірер деп шештік. Еліміздің болашақ президенті үшін дауыс бер­­геннен кейін көптеген адам сүйік­ті боксшысына қолдау көр­сету үшін спорт залында қалды, – деді №65 мектептің дирек­торы Нұрбол Күнеділов.

Жерлес боксшының қатысуы­мен өткен жекпе-жекті көруге сайлаушылар ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушылары да жи­нал­ды. Олар тіпті қолдан жасалған баннерлер дайындаған екен.

– Мен осында дауыс беруге кел­дім, мұнда жекпе-жек көр­се­ті­ле­­тінін білдім. Маған үлкен экран­да, бір топ жанкүйермен бірге Головкиннің шайқасын тамашалау ұнады. Менің ойымша, бұл жерде жерлесімізге қолдау көрсету жақсы идея. Бұл патриоттық рухты көтереді, – деді 14-шағынауданның тұрғыны Есенбай Разақов.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы