Білім ордасындағы бақылау
Білім ордасындағы бақылау
298
оқылды
Nur Otan партиясы Қаратөбе аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссия мүшелері және аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов Қалдығайты ауылында болып, ондағы білім ордасының жай-күйімен танысты. Әлеуметтік желі арқылы ауыл тұрғындарынан келген «Қалдығайты жалпы орта білім бе­ретін мектеп-интернатында ка­рантин режиміне қара­мас­тан оқушыларға сабақ жүр­гізі­ліп жа­тыр» деген анонимді хат бойын­ша тексеріс жұмысы жүр­гізілді. Алайда бақылау ба­ры­сында ешқандай тәртіп бұзу фактісі анықталған жоқ. Өйт­кені қазіргі таңда Қал­ды­ғай­ты ЖОББМ-де 7 ма­мыр­дан күрделі жөн­деу жұмысы бас­талуына байланысты мек­теп­тің барлық жиһаздары интер­нат­тың бөлмелеріне тасылып ор­наластырылған. Интернатта барлығы 10 бөл­ме болса, оның ішінде ас бөл­месінен басқа (алдағы уа­қыт­та жазғы лагерьге қажетті де­ген мақсатта қалдырылған) бөл­мелер бос емес. 2 бөлме  (1 ди­рек­тордың уақытша жұ­мыс ка­­бинеті, 1 мұғалімдерге ар­­на­­лып жабдықталған) басқа бөл­­мелер түрлі жабдықтармен тол­­тырылған. Сондықтан да ин­­тернатта сабақ оқытатындай мүм­кіндік жоқ. Тексеріс соңын­­­да мектеп басшысына ка­­ран­тин уақытында тәртіптің қа­таң сақталуын қадағалау ес­кертілді.  

А.ЖАСАНҰЛЫ