Партиялық мониторинг жасалды
Партиялық мониторинг жасалды
287
оқылды
Қызылордада Nur Otan партиясы облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері қалалық прокуратура, қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және Қызылорда автобус паркінің басшылары біріккен іс-шара өтті. Олар шара барысында Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктердің жұмысы мен санитарлық жағдайымен танысып, Қызылорда автобус паркі жұмысына мониторинг жүргізді. Қызылорда облысының бас ме­млекеттік санитарлық дә­рі­ге­рінің 10.05.2020 жылғы #12 қау­лысына сәйкес 11 мамыр­дан бастап облыс, аудан ор­та­­лық­тарында күшейтілген са­ни­тарлық-дезинфекциялық ре­жиммен қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат етілді. Бірақ жо­лаушылар саны көліктегі орын­дық санынан аспауы тиіс. Партиялық мониторинг ая­сын­да қоғамдық көліктердегі са­нитарлық жағдайға, жолау­шы­­лардың саны көліктегі орын­­дық санынан аспауына, кө­­лік жүргізушілері мен кондук­тор­лар­дың, жолаушылар­дың бет­пер­де киюіне және қоғамдық кө­ліктердің әрбір рейс алдында за­лалсыздандыру жұмыстарын жүр­гізуіне баса назар аударылды. Мониторинг барысында бір­қатар тәртіп бұзушылықтар анық­талды. Атап айтқанда, кө­лік жүргізушілері гигиеналық қол­ғаптармен қамтамасыз етіл­меген және қоғамдық көлікте жо­лаушылардың белгіленген мөл­шерден көп кіруіне жол берілген. Сон­дай-ақ азаматтардың көлікке бет­пердесіз кіруі, жолаушылар ара­сында 1 метр қашықтықтың сақ­талмауы және тағы басқа жағ­дай­лар тіркелді.    width= Тексеріс кезінде мониторинг то­бының мүшелері жолаушылар та­сымалын жүзеге асыратын ұйым жұ­мысымен танысты. Қызылорда ав­тобус паркі тарапынан са­ни­тар­лық эпидемияға қарсы және де­зинфекциялау шараларын жү­зеге асыру бойынша бірқатар жұ­мыстардың жүзеге асырылып жат­қаны белгілі болды. Алайда ауы­сыммен жұмыс істейтін бар­­лық қызметкерлерді тек­серу жағы дұрыс жолға қойыл­маған. Сонымен қатар медициналық пункттің жабық болуына байланысты қажетті ме­дициналық жабдықтармен та­нысу мүмкін болмады. Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Партиялық ба­қылау комиссиясы мен Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан тиіс­ті ескертулер жасалып, қоғам­дық көлік жүргізушілері мен кондукторларға, автобус паркі бас­шылығына сақтық шараларын кү­шейту жөнінде түсіндірме жұ­мыстары жүргізілді.  

Әбілмансұр ЖАСАН