Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 4,5 миллионнан асты
Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 4,5 миллионнан асты
ашық дереккөз
382
оқылды
16 мамырда әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 4,5 миллион адамнан асты. Статистиканы Джонс Хопкинс университеті жобасының мәліметтері растайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Университет мәліметтеріне сәйкес, әлемде COVID-19-ды 4 538 406 адам жұқтырған, 307 486 адам инфекция құрбаны болған, тағы 1 636 306 адам сауығып шыққан. SARS-CoV-2-ден ауыр зардап шеккен елдер - АҚШ (1 442 819 жұқтырған, 87 530 қаза тапқан) және Ресей (262 843 жұқтырған және 2 418 қаза тапқан). Рейтингте үшінші болып Ұлыбритания тұр (238 004 жұқтырған, 34 078 қайтыс болған). Төртінші орында Испания (230 183 жұқтырған, 27 459 қайтыс болған), бесінші орында Италия (223 885 жұқтырған, 31 610 қайтыс болған). Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус бойынша басқа статистиканы беріп отыр. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде 4 347 935 адамнан COVID-19 анықталған, 297 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде әлемде коронавируспен 79 187 адам тіркелген. Жұқтыру жағдайларының көбі Солтүстік және Оңтүстік Америкада - 1 864 468 адам. Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны 5850, сауығып шыққандар - 2707, кайтыс болғандар - 34.