Шілде айында елімізде 22 күн – жұмыс, 9 күн – демалыс.
«Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» заңына сәйкес 6 шілде елорданың мерекесі болғандықтан, ол күн демалыс. Алайда 6 шілде сенбіге түскендіктен, демалыс күні 8 шілдеге ауысады. Яғни, дүйсенбі күніне. Сондықтан бес күндік жұмыстағы азаматтар үш күн демалады. Яғни, 6-8 шілде аралығы.
Астана күні – Қазақстанның мемлекеттік мерекесі. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстанның Жоғарғы кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы шығарған. 1998 жылы 6 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Ақмола Астана болып өзгерді. Ал 2019 жылдың 20 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде ант қабылдағаннан кейін Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыруды ұсынды.