Ұлыбританияда күміс медаль жеңіп алған Илья Ильин жүлдесі туралы ойын айтты
Ұлыбританияда күміс медаль жеңіп алған Илья Ильин жүлдесі туралы ойын айтты
405
оқылды

"Түзеуім керек қателіктер баршылық"

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Ұлыбританиядағы олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде жеңіп алған күміс жүлдесі жайында пікір білдірді.

«Түзеуім керек қателіктер баршылық. Бір айдан соң Токиода боламыз. Ол жерде 109 келіге дейінгі салмақ дәрежесі болады. Мен басқа категорияда сынға түсемін және кіл мықтылармен шайқасамын. 170-205, ал тіпті 210 келі көтергім келеді. Англияда ә дегеннен екінші мүмкіндікте 80-90 келіге баруым керек еді. Біз біртіндеп бағындырамыз деп ойладық. Үшінші мүмкіндікте аздап еркінсіп қалдым. Жұмыс істеу керек. Өткен жолы бесінші орын алдым, осы жолы екінші. Біртіндеп алға қадам басып келеміз.

Қолдау білдірген жандардың барлығына алғыс айтамын. Бәрі жақсы. Біз Токиоға барамыз» дейді Илья.

Еске салсақ, атлет 96 келіге дейінгі салмақ бойынша жарысқа қатысып, жалпы нәтижеде 350 келіні көтерді. Одан бір келі артық көтерген украиналық Кирилл Пирогов жеңіске жетті.