Келіссөзге жаңа алаң ұсынылды
Келіссөзге жаңа алаң ұсынылды
363
оқылды

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Швеция Корольдігінің байқаушысы, елші, швед Үкіметінің Солтүстік Корея және Мьянма мәселелері жөніндегі арнаулы уәкілі Кент Харстедпен кездесті.

Жоғарғы палата басшысы Қа­зақ­стан президентінің кезек­тен тыс сайлауына байқау­шы ретінде қа­тысқаны үшін еуропа­лық мәр­те­белі мейманға алғыс білдірді.

Д.Назарбаева еліміздегі сай­лау нау­қаны ашық әрі жария өтке­ніне және сайлауға мони­то­ринг жүргізу үшін барлық жағдай жасалғанына назар аудартты.

Кездесуде тараптар түрлі бағыт бойын­ша екіжақты ынты­мақ­тас­тық­ты нығайту жайына тоқталды. Өткен жылдың мамыр айында «Қа­затомөнеркәсіп» ұлттық ком­па­ниясы мен шведтік «Ват­тен­фолл» энергетикалық компаниясы арасындағы келі­сім­шарт бойынша қа­зақстандық уран осы елге жет­кі­зіл­ген бола­тын. Қазақстандық өнім үшін швед нарығы осылай есі­гін ашып отыр. Сенат бас­шы­сы­ның пікірін­ше, индустрия, IT, жа­сыл технологиялар және эко­ту­ризм өзара іс-қимылдың келешегі зор бағыттарына айналуы ық­ти­мал.

Кездесу барысында халықа­ра­лық күн тәртібіндегі жаһандық мә­селелер де талқыланды. Сенат бас­шысы Кент Харстедтің Шве­ция үкі­метінің Солтүстік Корея мен Мьянма мәселелері жөнін­де­гі ар­наулы өкілі ретіндегі бел­сен­ді қыз­метін атап өтті.

«КХДР-ды үнқатысуға тарту жө­ніндегі сіздің күш-жігеріңізге қол­дау білдіреміз. Бірлесіп жұмыс істейтін ықтимал алаң ретінде Нұр-Сұлтан қаласын, нақтырақ айт­сақ, Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті қорын ұсы­на­мыз! Он­да бітімгершілік жөнін­­дегі қыз­мет­те мол тәжіри­бесі бар мамандар жұ­мыс істейді» деді Дариға Назарбаева.