Білім – инемен құдық қазғандай
Білім – инемен құдық қазғандай
3,827
оқылды

«Білім – инемен құдық қазғандай» деп халқымыз бекер айтпаған екен.


Осы бір-екі айда мектеп қабырғасынан өмірлік мектепке ұшып шығатын жастар қаншама?! Сондай сәтте  әр жастың алдында жаңа ғасыр талабына сай мамандық иесі болу  мақсаты тұр. Осы мақсатқа жетуде –  білім жолында ерінбей еңбек етіп, маңдай теріңді төгу керек. Сонда ғана адам өзінің ой-арманын, талап-тілегін тек  білім арқылы қанағаттандыра  алады. Білімсіз ешнәрсе жол ашылмайды. Білікті болсаң ғана қоғамнан лайықты орныңды табасың.

Білімді болу бір адамның ғана мәселесі болмауы тиіс. Өйткені қазіргі кезде дамыған елдердің даму деңгейі біліммен  өлшеніп отыр. Білімсіз дамыған, қуатты мемлекет болу мүмкін емес. Сан  мың ұрпақтың ортақ мұратын ту етіп,  болашаққа  қадам басқан  біздің еліміз дәл сондай дамыған, білімді, қуатты ел болу қажет. Сондықтан да әрбір жас «мемлекет маған не береді» демей, «елім үшін не істей аламын» деп ойлауы керек. Сол үшін де жастар үлкен мақсат қойып, қиындықтарға мойынсынбай елдің дамуына қажетті мамандықты меңгеру тиіс. Сонда ғана әрбір жас елінің дамуына қандайда бір үлес қоса алады.

 «Білім – өмір шырағы» деген нақыл сөз дәл айтылған. Білім – бұл қолдағы шырақ. Шырағын жарық жанса, өмірде адаспай мәнді де сәнді ғұмыр кешесін. Білімді болу бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Адамның  санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі гауһар тас. Сол білімнің шыңына еліміздің жастары көрінеді деп сенемін.


Нәзира БЕКТАСОВА