Оқушының бүйрегін ауыстыру керегін білген мұғалім, оны асырап алған

Оқушының бүйрегін ауыстыру керегін білген мұғалім, оны асырап алған

13 жасар оқушының тез арада бүйрегін ауыстыру қажетін естіген мұғалім, оны бірден асырап алған. Бұл туралы Daily Mail газеті хабарлады.

Колорадолық Дэмиеннің бүйрегі 8 жасынан дұрыс жұмыс істемей бастаған. Енді, қазір оған бүйрегін ауыстыру керек. 


«Бір айналдырса, шыр айналдырады» дегендей, басына түскен бұл бір ғана қиындық емес. Оның тұрақты тұратындай үйі де болмаған. Осы уақытқа дейін ол қамқоршыдан қарқоршыға өтіп жүрген. Соның кесірінен қамқоршысын ауыстырған сайын, Дэмиен трансплантация бойынша тіркелген тізімнен түсіп отырған. Тіпті, соңғы қамқоршысы да өз міндетін толық орындамаған. 


  Оның үстіне, ол уақытының көбін ауруханада өткізген. Бірде ауруханаға тұруға бара жатқан Дэмиен, математика мұғалімі Финн Лэннингке енді сабаққа қатыса алмайтынын айтқан. Мұғалім елгезек баланың оқиғасына бей-жай қалмаған. Ол оқушыны бірден асырап, өз қамқорлығына алған. 


  Дэмиен трансплантацияға міндетті талаптың бірін орындады. Қазір олардың бірге тұрып жатқанынан үш ай болды. Мұғалім оқушының бүкіл шығынын өз мойнына алған. Енді олар тек ота жасалатын күнді күтуде.


Нәзира Бектасова