Дертпен күрескен Қызылорда
Дертпен күрескен Қызылорда
479
оқылды
Әлем елдерін әлекке тү­сірген дерт айылы басылар емес. Таралу ауқымы кеңейіп, уақыты ұзарған сайын маман­дар салатын вакцинасын із­деу үстінде. Өкінішке қарай, Қызылорда облысы да бұл ін­деттен шет қалмады. Ел ара­­сында коронавирус инфек­циясын жұқтырғандар шы­ғып жатыр. Қаладағы пан­де­мияның таралуына байла­нысты ка­рантин тәртібі орна­ды. Осыған байланысты қан­дай жұмыстар жүріп жатқа­ны жайында Қы­зылорда қаласы­ның әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен сұх­бат­тас­қан едік.  – Төтенше жағдай кезіндегі шек­теулікті түсіндірген қала тұр­ғын­да­рының қауіпсіздігі үшін не қажет? – Қызылорда қаласының ше­­карасында санитарлық блок-бе­кеттер орнатылып, олардың толық­қанды жұмыс істеуіне жарық пен бай­ланыс құралдары, бес мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қала ішіндегі қозғалыстарды шек­теу мақсатында 11 патрульдік бе­кет іске қосылды. Ал күндізгі уақыт­та полиция және әскериден жасақ­талған 93 қызметкер, түнге 27 қыз­меткер, 24 адамнан құрал­ған 6 мо­бильдік полиция қызметкері жұ­мыс істеуде. Қалаға қарасты 2 кент, 7 ауыл­дық округте елді мекеннің бар­лық кіру-шығу жолдарына бекет құры­лып, қатаң бақылауға алынды. 14 сәуірден бастап қалаішілік қо­ғам­дық көліктер тоқтатылып, қа­ла әкім­дігіне қарасты мекеме қыз­мет­керлерінің 80 пайызы қашық­тан жұмыс істеуде. Халық көп шо­ғыр­ланған нысандардың жұмыс­тары уа­қытша тоқтатылды. Азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, меди­цина­лық заттарды және басқа да тұрғын­дардың өмір сүруіне ең қа­жетті қызмет түрлерін, өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіп­орындарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қоспағанда, қаламызға автокөліктерге 14 тәу­лікке дейін кіріп-шығуға қатаң тыйым салынды. Бүгінгі күнге дейін қала бо­йын­­ша төтенше жағдай режимін бұзушылықтың 392 фактісі тіркелді. Олардың 76-сына әкімшілік айып­пұл салынса, 64-іне әкімшілік қамау шарасы қолданылды. Қалған 252 тұлғаның ісі сотта қаралуда. – Осындай қысылтаяң кезеңде ел жанашырлары да қол ұшын созып, көмек ұсынып жатыр ма? – Ешқандай есепсіз, қайтары­мын күтпейтін, жарнамасыз жа­са­лып жатқан қайырымдылық – ізгі қоғамның көрінісі. Сыр өңірінде ізгілік дәнін сеуіп жүрген қайырым­ды азаматтар қатары аз емес. Атап айтқанда, кәсіпкер азаматтар Қайрат Боранбаев «Қызылорда» қонақүйін, Мырзабай Шалғымбаев «Достық» қонақүйін, Мұрат Сәр­сенбаев әуежай маңындағы ғимаратты уақытша медициналық нысан ретінде пайдалануға берді. Мәселен, BizBirgemiz акциясы ая­сында қала кәсіпкерлері «Абай Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев 200 отбасыға күріш үлестірсе, кәсіпкер Қанат Смағұлов 50 отбасыға, «Сыбаға» ЖШС директоры Лейла Ризванова 200 отбасыға көкөніс жеткізсе, «Най-Мир» ЖШС 100 отбасыға, «Мағжан и К» ЖШС директоры Мағжан Ералиев 100 отбасыға күріш жеткізген. «МұнайТехСервисОрда» ЖШС директоры, кәсіпкер Дәулет Қайсариев көпбалалы 200 отба­сыға азық-түлік үлестірді. Қызылорда қаласындағы «Аль-Асад» сауда үйі мұқтаж жандарға күніне 500 нан тегін беруде. Бұған дейін 100 отбасыға азық-түлік үлестірген болатын. «Дорстрой» ЖШС басшысы Мұрат Тілеулиев облыс бойынша 10 млн теңге арнайы мұқтаж жанға қаржы бөліп, 1 000 отбасыға, оның ішінде Қызылорда қаласындағы 200 әлеуметік көмекке зәру отбасыға азық-түлік үлестірді. – Нұрлыбек Машбекұлы, көк­темгі ауылшаруашылық жұмыс­тары қалай жүріп жатыр? – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 1 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойған еді. Төтенше жағдай талаптарын орындап, көктем мезгілінде тір­шіліктің барлығын тоқтатпай, маңыз­ды, яғни шаруашылық жұ­мыстарын жүргізу керегін жеткізді. Қалаға қарасты ауылдар мен сая­жайларда халық күнделікті көп тұтынатын азық-түлік тапшылығын болдырмау мақсатында жылжымалы көлікпен көшпелі сауданы жиі ұйымдастыруды және тауарлардың бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды. Төтенше жағдай мерзімі біткенімен, қауіпсіздік шаралары әлі де атқарылып жатыр. – Жылжымалы мобильді пошта қызметі жасы 65-тен асқан қала тұр­ғындарына және мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға зей­не­тақысы мекенжайлары бойынша жеткізіліп отыр ма? – Қазір қауіпті инфекцияның таралуының алдын алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігі бас­ты назарда. Сондықтан осы жұмыстарды ұйымдастыруда біз­дің тапсырмаға сәйкес мобильді топтың жұмысын оңтайландыру үшін Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан қажетті техникалық құралдармен, волонтерлық топтар­мен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ Қызылорда қала­сындағы Қазпошта АҚ-ның Қы­зылорда облыстық филиалының қалалық пошта және байланыс бөлімшелеріне қала әкімдігінінің қолдауымен 8 дана дезинфекциялық тоннельдер орнатылып, қала хал­қының игілігі үшін арнайы сақтық шаралары жасалды. Ауыл әкімдіктерімен келісе оты­рып, кесте бойынша елді ме­кен­дерге барып, Сабалақ, Ягодка, Эдельвейс саяжайлардың тұрғын­дарына жылжымалы пошта авто­кө­лігімен қаржылық-банктік қыз­мет көрсетіледі. Оған қоса, қала маңын­дағы елді мекен тұрғындарына жалақылары мен зейнетақыларын алу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы банкоматтар орнату жол­дарын қарастыруды тапсырды. – Қызылорда қаласына қарасты саяжайларға сауда өз тауарларын халыққа қалай ұсынуда? – Бұған дейін хабарлағаны­мыз­дай, төтенше жағдай кезеңінде қала аумағында блок-бекеттер орна­ласуына орай, қалаға қарасты елді мекен тұрғындарының қалаға кіріп-шығуына шектеу қойылып, қала төңірегінде орналасқан саяжайларға жылжымалы көлікте көшпелі сауда ұйымдастырылу жолға қойылған болатын. Осы ретте қала әкімінің тап­сыр­масымен қаланың шет аймақ­тарында шоғырланған елді ме­кен­­дердегі халықтың күнделікті тұты­­натын азық-түлік тапшылығын болдырмау мақсатында, «Мирас» және «Анвар» сауда орталығының демеушілігінің арнайы бөлінген жүк көлігімен және «Еурофарм» ЖШС жылжымалы дәріхана қызметі де қала төңірегінде орналасқан саяжайларға «Эделвейс», «Сабалақ», «ПМК-29», «Электромонтажник», Наурыз, Ақсуат, тағы басқа елді ме­кен­дерге нарық бағасынан 5-10% тө­мен бағада азық-түлік және тұр­мысқа қажетті заттармен көшпелі сауда өз жұмысын жалғастыруда. Жалпы, көшпелі саудаға сұранысты қажет ететін өнім түрлері мен азық-түлік: ұн, ет, картоп, пияз, сәбіз, күріш, рожки, сүт, шай, өсімдік майы; тұр­мыстық заттар сатылымға шығарылуда. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы