Қызыл кітапқа енген қарақұтан Марқакөлге қонды
Қызыл кітапқа енген қарақұтан Марқакөлге қонды
©А.Ахметқазы
1,092
оқылды
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері әлеуметтік желіде қарақұтанның суретін жариялады. Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін бұл құс қорық аумағындағы айдындардың біріне жуықта келіп қонған. Ескекаяқтылар отрядына жататын қанаттылардың бұл түрі ел аумағында өте сирек кездеседі. Сол себепті де «қызыл кітаппен» қорғалады. Айдынға қонған қарақұтанды қорықтың экологиялық ағарту жөніндегі мамандары суретке түсіріп алған екен. Жалпы Марқакөл  қорығының аумағында  құстың 261 түрі бар. Сирек кездесетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгені – 18, сонымен қатар тағы 10 қанатты халықаралық деңгейде қорғалған.

Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы