Тазалыққа шақырған күн
Тазалыққа шақырған күн
403
оқылды

«Сырт көз сыншы» дегендей, сен тұрып жатқан қалаға сырттан келген қонақ, ең алдымен, көше тазалығына қарайды. Ол үшін әр көше мұнтаздай таза болуы керек. Сол арқылы қаламыздың ғана емес өзіміздің де тазалығымызды көрсетеміз!

Тазалықты ту етіп алған елор­далықтар Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу аясында 15 маусымда «Еуразияның таза жағалауы» халықаралық эко­логиялық акциясын өткізуді жос­парлап отыр. Ол қала аумағындағы су нысандарының жағдайын жақ­сартуға, қоршаған орта мен эколо­гияның тазалығын сақтауға бағыт­талған.

Нұр-Сұлтан қаласының әкім­дігі Халықаралық көл өңірлері қауым­дастығының (ХКӨҚ) баста­масын қолдау мақсатында «Қа­зақстанның экологиялық ұйымда­рының қауымдастығы», Let's do it, Qazaq eli, Астана автоклубтар альянсымен бірлесіп, 2019 жылдың 15 маусымында «Еуразияның таза жағалауы» халықаралық акциясын және «Біз таза ел үшін» экологиялық қозғалысын өткізеді.

Бұл күні барлық ниет білдіру­шілер көп көлемдегі қоқыстарды жинап, оны одан ары қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін бірлесе иық тірестіріп жұмыс істейді. Эко­логиялық акция шеңберінде аза­мат­тық бастамалар тазалықты сақ­тауға саналы көзқарасты ұштас­тыра отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруда, сон­дай-ақ қазіргі заманғы қоғамның тұрақты дамуында керемет табыс­тарға қол жеткізуге көмектеседі деп болжануда.

«Біздің әлемді экологиялық таза етіп, оның сұлулығын болашақ ұр­пақ үшін сақтап қалуға күш-жігері­міз бар!» – деген ұйымдас­тыру­шылар астананың тұрғындары мен қонақтарын қаланың эколо­гиялық жағдайын жақсарту үшін үлес қосуға шақырды.


Перизат САҒАНТАЙ